Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар Қаратабан су қоймасындағы балықтардың не себепті қырылғанын тексеріп көрді

Қызылорда облысы аумағындағы Қаратабан су қоймасында балықтардың қырылуына байланысты 2020 жылғы 20 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының кешенді зертханасының мамандары «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-мен бірлесіп, жоспардан тыс шығып және 3 нүктеде су сынамаларын алды.

Су сапасына талдау 28 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі, оның ішінде басты иондар, биогенді заттар, органикалық және бейорганикалық заттар, ауыр металдар.

Талдау нәтижелері бойынша Қаратабан су қоймасындағы суының температурасы 1,6-2,2 ºC шегінде, сутегі көрсеткіші 7,2-7,4, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 1,22-1,41 мг/дм3 (оттегінің тапшылығы), мөлдірлігі - 21 см, иісі - 0 балл, табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ, суы мөлдір.

Қазіргі уақытта ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларына физика-химиялық талдау жүргізілуде, 5 тәулік ішінде оттегінің биохимиялық тұтынылуы және нәтижелері қосымша ұсынылатын болады.

Талқылау