Қызылордада жеке тұрғын үйдегі газ жарылысы видеоға түсіп қалды
Қызылордада жекеменшік үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

19 сәуірде сағат 10:58-де жеке тұрғын үйде ауа-газ қоспасынан жарылыс болып, ауданы 182 шаршы метр ғимарат өртеніп, жартылай опырылған. Жарылыс салдарынан 39 жастағы ер адам зардап шекті. Ол күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Жарылыс сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Қызылорда қаласы, Яншин көшесінде жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, 182 шаршы метр аумақ өртке оранды. Кейін өрт осы үйдің аумағында орналасқан уақытша ғимаратқа ауысқан. Өрт салдарынан құтқарушылар келгенге дейін аяқ-қолын 1-дәрежелі күйік шалған Өзбекстанның 1984 жылы туған азаматы қалалық ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиғаның себебі анықталуда. Қалалық аурухананың мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы орташа ауыр.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады