Қызылордада заманауи үлгідегі электр станциясы салынады
Қызылордалықтар үшін электр энергиясы өзекті мәселелердің қатарында. Бұған дейін де аймақтағы электр желілерінің тозығы жеткендігі, қолайсыз ауа райының салдарынан жарықсыз қалу жағдайлары тіркелген болатын. Осы мәселені назарына алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев заманауи үлгідегі электр станциясын салуды тапсырды.
Осы мақсатта, энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстар жасалды. Нәтижесінде жуырда құны 215 млрд теңгені құрайтын жаңа электр станциясының құрылысы басталмақ.
Инфрақұрылымдық нысан құрылысын аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жүргізеді. Мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді деген жоспар бар. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді