Қызылордада үш жасар бүлдіршін жалғыз өзі пойызға отырып, жолға шығып кеткен
Қызылордада үш жасар бүлдіршін жалғыз өзі Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойызға отырып, жолға шыққан. Билетсіз жолаушыны полицейлер тек ата-анасының арыздануымен іздестіріп, қаладан 80 шақырым жердегі станциядан түсіріп алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

3 жастағы бүлдіршінді сол күні әжесі вокзал маңындағы саябаққа ойнату үшін әкелген екен. Ал вокзалға пойыз келгендегі абыр-сабыр кезінде қария немересін жоғалтып алған.
Ата-анасы полицейлерге шағымданған соң баланың өз бетінше пойызға мініп кеткені белгілі болды.
"Жалаңаш станциясынан пойыз тоқтатылып, оныншы вагоннан бала түсірілді. Сонымен қатар, ата-анасына ешқандай жарақатсыз табысталды, қазіргі уақытта бала отбасымен бірге", - деді Қызылорда стансасындағы жергілікті полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Серік Тоқтыбаев.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда