Қызылордада Сеул ғылым және технология университетінің филиалы ашылмақ
Қызылордада Сеул ғылым және технология университетінің филиалы ашылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселесі бойынша Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездесу өтті.
Жиында басқарма төрайымы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова оқу орнының қазіргі таңда 170-тен астам шетелдік жоғары оқу орындарымен, мәдени және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Бұл елдердің ішінде Корея Республикасының университеттері ерекше орын алады.
"Университетте өткен жиында бюджет жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы, Кореяның Ұлттық қаһарманы, генерал Хонг Беом До У Вон Сик қоғамының төрағасы Инженерлік мектебінің филиалы кезең-кезеңімен ашылатынын айтты. Қорқыт ата университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің ашылуы жоспарланған”, - деп хабарлады ҚР ғылым және технология министрлігінің баспасөз қызметі.
Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлескен жұмысты бастау Қызылорда облысының және жалпы еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына елеулі үлес қосады.
Кездесу барысында Кореядан келген делегация университет кітапханасындағы "Қолжазбалар және сирек кітаптар" бөлімінің қорымен танысты.
Корей тіліндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.