Қызылордада жасөспірімдер жаппай төбелесті (видео)
Қызылорда қаласының орталық алаңында жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің түсірген видеосы желіде желдей есті. Видеода бір-бірін аяусыз ұрып, жерде құлап жатқан адамның басынан аяқпен теуіп, қатыгездікпен қақтығысқан жеткіншектер төбелесі түсірілген. Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, медициналық көмекке ешкім жүгінбеген.
Қазір тәртіп сақшылары жанжалдың барлық қатысушыларын анықтауда.
Қалалық полиция басқармасының бірінші орынбасары Азамат Оспановтың айтуынша, оқиға орнынан 10 адам ұсталған. Олардың барлығы полиция учаскесіне әкелініп, профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Деректерге сүйене отырып, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда