Қызылордада 13 жасар қыз екі күннен бері іздестірілуде
Қызылордада 13 жастағы қыз жоғалып кетті. Полицейлер оны екі күннен бере таба алмай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында тұратын 2008 жылғы Бағдатқызы Замира есімді жеткіншек қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті оған іздеу салады.
"Оның ерекше белгілері: бойы 155 см, арық денелi, қараторы келген, шашы қоңыр түсті иығынан келеді, қысынқы көздi. Ол қызыл түсті шорты, қызыл түсті футболка киген. Қандайда бір ақпарат немесе жүрген жерлері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25 телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз", – делінген ПД хабарламасында.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"