Қызылорда облысының тұрғыны экстремизмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Қызылорда облысында араздық тудыру ісі бойынша экстремизмге қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қызылорда облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс тұрғынының Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтағанын анықтады. Бұл деструктивті діни ағымды ұстанушы, Қазалы ауданының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Тұрғылықты жерінде экстремистік бағыттағы кітаптар мен жазбалар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген жұма күнгі хабарда.
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі “әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”