Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізілді

Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

қуаңшылық

Бұған аймақтағы құрғақшылық пен малға жем-шөптің жетіспеуі себеп болған. 

Айта кетсек, облыста жауын-шашынның аз болуынан жайылым алқабының 90%-ы жарамсыз болып, 500-ден астам мал басы ұырылған. Қазіргі күні аймақтағы жағдай 24 сағаттық бақылауға алынды. Көрші ауылдардан шөп шабуға еріктілер тобы құрылды. Қазір еріктілер Қазалы, Қармақшы және Сырдария аудандарында егістік алқаптарында жұмыс істейді. Ақтөбе облысымен келісім орнатылған. Ырғыз өңірінің шаруа қожалықтары жем-шөпті қолжетімді бағамен қамтамасыз етіп қана қоймай, жайылымдық жерлерін шабындыққа пайдалануға мүмкіндік береді.

"Құрғақшылықтың салдарын жою үшін ауданға шамамен 2 миллиард теңге қажет болады. "Қызыл аймаққа" кірген 13 ауданда су үшін 15 құдық қазылады. Жайылымдарды толық пайдалану және көбейту үшін 8 канал қазылып, тазартылады. Сонымен қатар біз осы жұмыстарға жабдықтар жеткізіп беруіміз керек", – деді Арал ауданының әкімі Серік Сармағамбетов. 

Талқылау