Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін індет жұқтырғандардың бесеуі - Шиелі ауданында, біреуі - Сырдария ауданында және бір науқас Қызылорда қаласында анықталып отыр.
"Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір облыста ауру жұқтырған 92 науқас тіркеліпті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"