Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екі адам ауруханаға жатудан бас тартқан
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екі азамат ауруханаға жатуда бас тартып, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Сырдария ауданындағы 2 науқас өздеріне қойылған диагнозға қарсылық танытқан оқиға кездесті. Мұндай жағдай жұмысымызға кедергі келтіреді. Біз тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз», – деді Абдусаметов.
Бұған қоса ол Арал ауданында анықталған коронавирусқа шалдыққан бір науқастың «Нұр-Сұлтан – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолсерік болғандығын атап кетті. Жолсерік Түркістан облысында індетті жұқтырған науқас отырған пойыздың қызметкері екен.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған