Қызылорда облысында бензин таситын көлікпен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты
Қызылорда облысындағы Тереңөзек-Қызылорда тас жолында жол апатынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

14 желтоқсан, сәрсенбі күні кешке Сырдария ауданында жол апаты орын алды. КамАЗ және жанармай таситын көлік жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан бір адам жарақат алып, төрт адам қаза тапты. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Сырдария ауданында сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы белгіленеді.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"