Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында әйел жаңа туған егіз баласын 546 мың теңгеге сатып жіберген

Қызылорда облысының тұрғыны жаңа туған егіз баласын 546 мың теңгеге сатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istock.com 

Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы Д. егіз баласы болатынын біліп, оларды сатуға шешім қабылдаған. Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін өзінің достары ерлі-зайыпты Ж. және К.-мен кездесіп, босанғаннан кейін балаларын ақшаға беруге келісетінін айтқан.

“Келісім бойынша ерлі-зайыптылар айыпталушыға 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары үшін дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін 60 000 теңге аударған. 2023 жылдың сәуір айында босанғаннан кейін айыпталушы жаңа туған балаларын ерлі-зайыптыларға тапсырып, 200 000 теңге алған. Содан кейін “сатып алушылар” келіскен соманы бөліп төлеуге келісіп, оған 252 000 теңге және тағы 34 000 теңгені бөлек аударған. Осылайша, айыпталушы Д. ерлі-зайыптылардан небәрі 546 000 теңге алған", – делінген хабарламада.

Кейінірек айыпталушы мен ерлі-зайыптылар нотариусқа жүгініп, балалардың биологиялық анасы оларды асырап алуға және кейіннен қорғаншылық жасауға келісімін берген.

"Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен балаларын сатқан сотталушы Д., кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Ж. К., кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін атыраулық келіншек балаларын төрт рет сатып жібергені туралы жазған едік. 

Талқылау