Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызықты шоу мен аста-төк тағам: Димаш Дубайда үлкен мейрамхана ашатынын айтты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Дубайда мейрамхана ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш дубай

"Достар, Дубайда жақында менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Address Boulevard отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба DQ Show & Gastronomy деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тамағының үйлесімі болады", - деп жазды ол Instagramда.

Әншінің айтуынша, екі жарым мың шаршы метрлік орын 300-ін кәсіби сахнадан тұрады.



"Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетеді. Дубайдың адам тартатын ортасындағы мейрамханада керемет театр шоуына және түрлі талғамға арналған асқа баса мән беріледі. all-inclusive форматы кулинарлық шедеврден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ас түрінің кеңдігі сонша, ең кірпияз мейман өз талғамына қарай ас іше алады. Еттің түр-түрі, теңіз өнімдері мен премиум класс санатындағы сусындар беріледі. DQ Show & Gastronomy! Билет алу үшін мұнда өзіндік жүйе де қалыптасқан. Бір уақытта оған 300 адам сияды. Әр айда мұнда әлем жұлдыздарының қатысуымен кеш өтеді", - дейді Димаш Құдайберген.

Талқылау