"Қартайған Димашты көріп, біртүрлі болдық" - Фанаттар Құдайбергеновтің жаңа клипі жайлы
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Клипті "Хабар" арнасы жариялады. Әннің авторы - Ринат Гайсин, сөзін жазған - Талант Арғынғали, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өмір өтер" деп аталатын әнді Құдайбергенов алғаш өзінің онлайн концертінде орындаған. Ән кешін тамашалаған фанаттар оның жарыққа шығуын тағатсыздана күткендерін айтады.
"Димаш әннің мағынасын тереңінен жеткізіпті", "Ғажап! Димаш кез-келген туындының мағынасы мен барлық ерекшеліктерін аша алады", "Өте әдемі ән. Гайсин 11 жыл босқа күтпепті", "Димаштың қартайған шағын көріп, біртүрлі болып қалдым. Сөзін түсінбедім, бірақ көзіңнен жас шығарардай әсерлі екен", - деп жазды фанаттар.
"Өте ұят": Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”