"Қыздың намысын қорғау үшін": Павлодарда тұрғынды балтамен ұрған жігіт жауапқа тартылды
Павлодарда 37 жастағы ер адам құрбысына тиіскені үшін тұрғынды балтамен ұрған. Ол 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі irbistv.kz порталына сілтеме жасап.

Ер адам құрбысымен бірге "Энтузиаст" саяжайында жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кейін бойжеткен алты гектар жердің қожайыны өзіне тиіскенін айтып, жігітке шағымданған. Мұны естіген жігіт қыздың намысын қорғау үшін жердің қожайынына барады. Тұрғын мұны жоққа шығарса да жігіт сенбей соңында балтамен үш рет соққы жасаған.
Оқиғадан соң жігіт пен қыз төбелес болған жерден қашып кеткен. Оларды тұрғынның иті қорқытқан. Ал балтадан жарақат алған жәбірленуші аман қалды.
Сотта шабуылшы өз кінәсін толық мойындап, оған 5 жылға бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ жәбірленушіге 750 мың теңгеден астам материалдық және моральдық шығынды өтеу бойынша үкім шықты.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған