"Қыздың қолынан жұлып алды": Блогер Juzzeffina қалыңдық гүліне таласып, сынға қалды
Танымал блогер Juzzeffina тағы да сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі жұлдызы Жанәбіловтер отбасының тойында ыңғайсыз жағдайға қалды.
Айта кетейік, елге белгілі табысты блогерлер 12 жылдан кейін үйлену тойын жасаған еді. Эльмира Төлегенова тұрмысқа шықпаған қыздарға қалыңдық гүлін лақтырған.
Блогер Жұлдыз Жауынбаева өзге біреудің қолына түскен гүлді жұлып алып, шашып тастады.
Бұл жағдайдан кейін басқа блогерлер ыңғайсызданып қалды.
Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін сөгіп, аяусыз сынады.
“Негізі қара көйлек киген қыз қағып алды”, “Жұлдыз қыздың қолынан гүлді жұлып алды”, “Осы қызға үнемі бірдеңе жетпей жүреді”, “Қасындағы блогерлер ұяттан жерге кіріп кете жаздады”, “Камераға қанша ақылды болып көрінгісі келсе де, осындай жабайы қылықтары өзін әшкере қылады”, “Осы да қалмайды екен", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогер Juzzeffina Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытқан еді.
@dsaltik011 ♬ оригинальный звук - dsaltik01