Kizdar.net сайтының топ-менеджері Грузияда ұсталды
Халықаралық іздеуде болған Kizdar.net платформасының топ-менеджері Грузияда ұсталды. Қазір құқық қорғау органдары оны Қазақстанға экстрадициялауды сұрап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, ұсталған адам халықаралық іздеуде болған.

Kizdar.net платформасының күдікті ұйымдастырушылары мен IT әкімшілері Қазақстанда айыпталғанда, топ-менеджер сайттың жұмысын елден тыс жерлерде жалғастырған.
Қазір құқық қорғау органдары Бас прокуратурамен бірлесіп, оны Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмыс істеп жатыр.
Еске салсақ, "Kizdar.net" сайтының ұйымдастырушыларынан 10 шақты пәтер, бірнеше жер телімі мен қымбат көліктер тәркіленген еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"