"Қыздарға әкелік махаббатты сездіргенің үшін": Алтынай Жорабаева екінші күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі Әлішерге алғыс білдіріп, туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/altynaizhorabayeva
“Менің және қыздарымның өмірінің 180 градусқа өзгеруіне себепші болған жәннатым. Туған күнің құтты болсын. Сендей жанды бізге жолықтырған Аллаға мың шүкір. Махаббатың бар екеніне сендіргенің үшін, қыздарға әкелік махаббатты сездіргенің үшін, мені өмірдегі “жыртық-жамауыммен” сүйгенің үшін жақсы көремін. Сенімен кездесіп, үйленсек деп армандағанда сен: “Қыздар мені қалай қабылдар екен? Сені қызғанып, мені ұнатпай қалса, не істеймін?” деп қорыққан кезің артта қалды. Бәрі саған байланысты екеніне көзім жетті. “Қыз бала әкесіне жақын болады” деуші еді. Қыздар сендей махаббатын үйіп-төгетін әкеге жақын болады”, – деп сүйіктісіне жазба арнады Алтынай Жорабаева.
Желі қолданушылары туған күн иесін қуанышымен құттықтап, ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп жатты.
“Азаматың аман болсын! Бақытты болыңдар”, “Барлық әйел бақытқа лайық. Туған күндеріңіз құтты болсын”, “Торсықтай ұл тіледім”, “Керемет құттықтау, көзіме жас алдым”, “Бқытың баянды ,ұзағынан болсын”, – деп жылы лебізін білдірді желідегілер.