"Қыздар, хабарласыңдар": Екі баланың әкесі Argonya жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Отандық әнші Argonya жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/argonyaa/
Өнер иесі Revue News бағдарламасына жүрегінің жартысын іздеп жүргенін жасырмады. Алайда әнші жеке парақшасына отбасын құрып, екі баласы барын ашық түрде жариялаған еді.
"Әр адам өз жартысын іздейді. Осы менің жүрегімнің жартысы шығар дегенде шабыт та келеді ғой. Әзірге менің басым бос. Қыздар, хабарласыңдар", – деп әзілдеді әнші.
Сондай-ақ танымал хитмен Қайрат Нұртаспен ара-қатынасына қатысты қауесетке де нүкте қойды.
“Соңғы рет Қайрат Нұртаспен 1-2 ай бұрын бір шарада кездесіп қалдық. "Ой, қалың қалай?" деп бір-бірімізді құшақтап, амандастық. Қал-жағдай білісіп қалдық. Одан кейін кездеспегелі көп болыпты. Өзіме келсем, күйіп кеткен сияқтымын. Шабыт болмай тұр әзірге”, – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, Әнші Argonya-ның сахнаға мас болып шыққан видеосы тараған еді.