Соңғы жаңалықтар

"Кірмей қалама деп қорқамын": Argonya "ұятсыз" әндерге қарамастан, тәлім-тәрбие көрген жігіт екенін айтады

Argonya лақап атымен танылған Арғын Аусаров Stan.kz тілшісіне сұхбат беріп, әндерінің "біртүрлі мәтініне" қатысты түсіндіріп өтті. Әнші үлкен сахнаға шыққанда цензурадан өткен әндерін орындайтынын, мәтіндеріне не себепті анайы сөздер қосатынын және жұрттың реакциясын да тілге тиек етті.

Арғын Аусаров- Әндеріңіздің танылып келе жатқанына енді 2-3  жылдың көлемі болды. Осы уакытқа дейін қайда болдыңыз? Немен айналыстыңыз?

- Осы өнер сферасынан алысқа бармадым. Жүргізуші ретінде іс-шаралар басқардым, ұйымдаcтырып, әнші ретінде де жан-жақта ән айтып жүрдім. Бірақ композиторлыққа қатты ден қойып кіріспеппін. Сосын сазгерлікпен айналыса бастаған соң әндерім жарыққа шыға бастады. 

- "Х-фактор" кастингіне барғаныңызды байкап калдым. Бақ сынап бардыңыз ба? Әлде ойын үшін бе?

 - Өте орынды сұрақ екен. Өйткені сол бағдарламада көрсеткен өнерімді қарасаңыз, шынымен ойнап келген адамға ұқсап қалғанмын. Сол конкурста жүргізуші болған Данияр Джумадилов - менің досым. Маған қатысуға  ұсынысты жасаған Данияр: "1-2 рет қатысып көрерсің, өзіңе аудитория жинайсың" деп ақыл айтты. Ол проект Алматыда болған соң, оның үстіне сол кездері қолым да бос болды, қатысуға қарсы болмадым. Ақыры қатысатын болған соң, стандартты ән айтуға болмады, ерекше дүние жасау керек болды. Жақсы тәжірибе болды. 

- Тойға шығасыз ба? 

- Бізде өнер саласындағы адамдардың барлығы тойда шоғырланған ғой. Әрине, концерттер мен сахна басымдылыққа ие. Сол үшін ән жазғанда көбінесе проектерге арнап жазамын. Бірақ тойға ұсыныс келіп жатса қарсы емеспін. Ол да табыстың көзі. Шындығында жұмысты келгенде той ұйымдастыру орталықтарынан бастағанмын. Өнер адамдары бірінші әнші болып, сосын барып, тойға келіп жатса, мен керісінше тойдан сахнаға келген адаммын. Тойда өнер көрсетіп шаршаған адаммын. 

- Соңғы шыққан "Кірмей қалама деп корқамын" деген әніңіз біраз пікірталас тудырды. Бұл ән калай шықты? Неге мұндай атаумен шықты? Жұрттың пікірі кандай болды?

- Көрермен пікірі екіге бөлінді. Әдейі ойластырып шыққан ән. Қайырмасындағы "кірмей қалама деп қорқамын" деген шумағы ренессанс тудырып тұр. Ән тыңдағанда алғашқы 5 секунд бәрін шешеді. Бірінші 5 секундта ән сені қызықтырса, ары қарай тыңдайсың немесе керісінше тыңдамайсың деген сөз. Сол үшін әнімді тыңдағаннан "о, мынау қандай ұятсыз ән" деп пікірталас тудыру үшін "кірмей қалама деп" сөзін қалдырдық. Көбі "өтпей қала ма деп жаз" деген ұсыныс айтты. Олай істегенде шынымен өтпей қалушы еді. Бірақ әнді толықтай тыңдаған кезде не жайлы екенін түсінеді. Ұятты ештемесі жоқ екенін, балағат сөздер де жоқ екеніне көзі жетеді. Дұрыс ән екенін байқайды. Басында анайы пікір қалдырған азаматтар әнді толығымен тыңдап, өз сабаларына келеді. 

- Анайы сөздерді әнге қосып айту каншалықты дұрыс?

- Оңай сұрақ емес. Әрине, дұрыс емес. Біздің мәдениетімізге, болмысымызға сай емес. Бірақ қазір заман талабы солай болып кетті. Пиар, маркетинг деген қатты жұмыс істеп тұр. Бірақ боқауыз сөздің де бірнеше түрлері бар. Менің "ой, ..., оның бәрін бүйту керек еді" деген әнімде қолданылатын сөз қатты боқауыз сөз емес. Күнделікті тұрмыста көп қолданылатын сөз болып кеткен. Вайндарда қолдану үшін солай қалдырдым. Адамдарға ол сөз таңсық болмаған соң, кең таралып кеткені сондықтан. Бірақ радио, концерттерде орындаған кезде боқауызсыз орындаймын. Цензурадан өткен нұсқасы бар. Жұрттың алдында боқтап тұрмаймын, өйткені тәлім-тәрбие көрген адамбыз. Бұны маркетингтік қадам деп қабаылдаңыздар. Менің опасыздығым деп қарамаңыздар. 

- Жылды корытындыласаңыз, сіз үшін қандай жыл болды?

 - Әр жыл өзіндік есте қалатын сәттерімен ерекше. Жалпы бүгінгі күнмен өмір сүру керек деп ойлаймын. "Дәл қазіргі сәтте маған керемет, жақсы" десеңіз көңіліңізде керемет болады. Осы жыл мен үшін естеқаларлықтай жыл болды. Өйткені дәл осы жылы мені әнші ретінде танып, шақыра бастады. Бұрын тек қана той болса, қазір концерт залдарында өнер көрсетіп жүрмін.

- Шығармашылықты кай бағытта жалғастырасыз және алдағы жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз.

- Шығармашылық осы бағытта дамиды. Мен өзіме ерекше, ешкімге ұқсамайтын стиль іздеп жүр едім, тауып алдым. Біздің халық өте талантты, әрі музыкалық талғамы жоғары, өнерге жақын. Барлық өнер адамдардың арасынан ерекше боп көзге түсу қиын. Ол үшін өзіндік бағытың мен қолтаңбаң болуы керек. Стильді көбі таба алмай қиналады. Ал мен өз стилімді тапқаныма қатты ризамын.  "Сен де бір кірпіш шоу-бизнеске, стиліңіді тапта бар қалан" деп Абай атамыздың сөзін өзгертіп, осы жерге арнауға болады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...