Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ондаған тұрғын үй кешенінің тұрғындары 1 қыркүйектен бастап жарықсыз қалуы мүмкін

Жарық
Фото: istockphoto.com

Алматыдағы ондаған тұрғын үй кешенінің тұрғындары 1 қыркүйектен бастап жарықсыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәлімдеді.

Бұған мүлік иелері бірлестігі (МИБ), пәтер иелері кооперативі (ПИК) және басқарушы компаниялардың энергиямен жабдықтаушы ұйым алдындағы миллиондаған теңге көлеміндегі берешегі себеп болған.

Айта кетейік, тамыз айынан бастап төлем түбіртектерінде электр энергиясы бойынша үйдің ортақ берешегі жеке жол ретінде көрсетіле бастады. Алматы тұрғындарына түбіртектерін тексеріп, берешек болған жағдайда шұғыл түрде өздерінің басқарушы компаниясына жүгіну ұсынылады.

“Күзгі-қысқы кезеңнің аяқталуына байланысты "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы – "Энергосбыт" 2026 жылғы 8 маусымнан бастап мерзімі өткен берешегі бар тұтынушыларға электр энергиясын беруді шектеу және (немесе) тоқтату шараларын қолға алды”, – делінген хабарламада. 

Алматы қаласындағы ең ірі берешек тіркелген тұрғын үй кешендері мен шағынаудандар:

  • "Алма Сити" тұрғын үй кешені – 306,2 млн теңге;
  • "Шұғыла" тұрғын үй кешені – 175,4 млн теңге;
  • "Жас Қанат" тұрғын үй кешені – 122,9 млн теңге;
  • "Алатау Сити" тұрғын үй кешені – 105,4 млн теңге;
  • "Кристалл" тұрғын үй кешені – 82,0 млн теңге;
  • "Адель" тұрғын үй кешені – 73,6 млн теңге;
  • Alem City тұрғын үй кешені – 71,6 млн теңге;
  • Qargaly City тұрғын үй кешені – 54,6 млн теңге;
  • "12 месяцев" тұрғын үй кешені – 48,6 млн теңге;
  • "Мирас" тұрғын үй кешені – 40,6 млн теңге;
  • Esentai City тұрғын үй кешені – 32,2 млн теңге;
  • Dragon City тұрғын үй кешені – 30,7 млн теңге;
  • "Дом на Абая" тұрғын үй кешені – 28,7 млн теңге;
  • "Алтын Бұлақ" тұрғын үй кешені – 26,3 млн теңге;
  • "Алтын Бұлақ-1" тұрғын үй кешені – 22,8 млн теңге;
  • Ерменсай шағынауданы – 18,6 млн теңге;
  • AFD Plaza тұрғын үй кешені – 15,3 млн теңге;
  • "Хан Тенгри" тұрғын үй кешені – 14,6 млн теңге;
  • "13 микрорайон" тұрғын үй кешені – 12,6 млн теңге;
  • "Амаль" тұрғын үй кешені – 10,3 млн теңге;
  • Rams Luxury тұрғын үй кешені – 9,1 млн теңге.

Ал Алматы облысында:

  • Medeu City тұрғын үй кешені – 93,5 млн теңге;
  • Altin City тұрғын үй кешені – 43,9 млн теңге;
  • Gres Park тұрғын үй кешені – 37,2 млн теңге;
  • Tamarix тұрғын үй кешені – 34,0 млн теңге;
  • "Ашық төбе" тұрғын үй кешені – 17,6 млн теңге;
  • "Достар" және "Алматау" тұрғын үй кешендері – 14,5 млн теңге;
  • Aspan City-2 тұрғын үй кешені – 13,0 млн теңге;
  • Galamat тұрғын үй кешені – 4,9 млн теңге.

"Алатау Жарық Компаниясы" берешегі бар барлық тұтынушыларды шектеу шаралары қолданылмауы үшін қарызын уақытылы өтеуге шақырды.

Еске салсақ, 14 тамызда Алматыда электр қуаты жаппай өшіп, тұрғындарды әбігерге салған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2026 20:53