Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыз ұзатудың құны қанша: Отандық жұлдыздар 3 млн теңгеге қызыңызға ақ жол "тілеуге" дайын

Қызын абыроймен шығарып, құтты ұясына қондыру ата-ананың бұлжымас парызы. Жиылған жұрт алдындағы беделін ойлаған әке-шешесі ұзатуға бағасы қымбат жұлдыздарды шақырып әуре болатыны жасырын емес. Ал қыз ұзатуды нәпәқа табудың кезекті көзіне айналдырған біздің әншілеріміздің миллионмен өлшенетін бағаларын Stan.kz назарларыңызға ұсынады. 

қыз ұзату

Күз келді дегенше той маусымы келді дей беріңіз. Бірі ұлын үйлендіріп, екіншісі қызын ұзатып жататын тойшы қазақ үшін қуанышының дүрбірлеп өткені маңызды.

Бұрынырақта қыз ұзату ең жақын туыстар арасында өтетін ең шағын той болса, қазір дүркіреп, шоу түрінде өтетіні жасырын емес. 

Ақша кетсе де, абырой кетпесін дейтін жұртымыз қыз ұзату үшін әншілерді жалдаудың өзі миллион тұратынына қарамайды. Бүгінгі хит-парад қыз ұзататын ең қымбат әншілерге арналады.

қыз

Жазира  Байырбекова

Жазира қызыңызды шығарып салсын десеңіз, 2 миллион теңгені дайындай беріңіз. Бірақ ол бағаға Жазираның өзі ғана келмейді. Жарасымды жұбы Жанболатпен бірге келеді. Жазираны ғана шақырамын деген ойды басыңыздан алып тастаңыз. Олар ешқашан бөлек тойға шықпайды. Тіпті, көнбей, Жазираның өзі ғана келсін десеңіз, баға өзгермейді. Жанболат бәрібір бірге келеді. Енді қайсысы тиімді ой таразысына сала беріңіз. Бұл соманың үстіне жолы мен қонақ үйіне кететін қаражатты қосыңыз.

Қызды кіргізіп, шығарып салады. Ал тойдың ортасында өздері ән салады. "Ақботам, ал енді, қош аман", -  деп барлығы 10 шақты әнді орындап кете барады. 

 

қыз ұзату

Салтанат Бақаева

Гонорары миллион тұратын сылқым бикеш тойыңыздың сәнін кіргізіп кетсін десеңіз айтқан сомдан бөлек жолы мен қонақ үйіне шығындаласыз. Екі адамға. Тойдағы қызметі: қызды кіргізіп, ортасында 3-4 ән айтып, соңында "Басталғалы тұр енді жаңа өмірің құрбым-ай", - деп ыстық тілегін айтып шығарып салады. Ал әкесі мен қызы билейтін болса, оған да арнайы әні бар. 

 

қыз ұзату

Сара Тоқтамысова

Ақын Сара атымен танымал қыздарыңыз қыз ұзатуды қолына алғаны қашан. Ақын қыздарыңыздың жолын берсін десеңіз, қолына 2 мың долларды ұстатып, жолы мен жатын орнына төлесеңіз болғаны. Қызыңызды әдемілеп кіргізіп, арнау өлеңін айтып, қимастықпен шығарып салады. Басқа әншілерге қарағанда артықшылығы - тойға келген жұртшылыққа Арнау айтуы. Не дегенмен ақын ғой... Алдын ала әулетіңіздің барлық мәліметін беріп қойсаңыз, құдалар алдында абыройыңызды асырып, мақтау- мадағыңызды өсіреді. 

Бір жақсысы, Тоқтамысова басқа сылқымдардай бизнес-класстан билет алып бер деп ми ашытып, қонақ үйдің жұлдызын санап әурелемейді. Тек пейіліңіз бен ниетіңіз кең болса болғаны. 

 

қыз ұзату

Мәдина Сәдуақасова

Сәдуақастың сылқым немересіне 1 500 000 теңге бермесеңіз тойыңыздан төбе көрсетпейді. Бұдан бөлек жолы мен қонақ үйін көтересіз. Ерке қыздарыңыздың еркелігі бір басына жетіп жатыр. Міндетті түрде бизнес-класс билет пен бесжұлдызды қонақ үй болуы керек. Бас-аяғы 4-5 ән айтатын Мәдинаны шақыруды қалтаңыз көтермей тұрса, онда жағдай қиын. Жаңа жылдан кейін бағасы өсуі мүмкін. 

 

қыз ұзату

Құралай Ошақбаева

Қазақ әйелдерінің арасында Құралай ханым деп танылған Ошақбаеваны тойыңызда көргіңіз келсе, 1000 доллар төлеп, жолын көтерсеңіз болғаны. Күйеуді қалай бағып-қағудың жолын үйретіп жүрген табысты келіншек әнші болмаған соң тек қызды шығарып салады. Жақсылап сөйлесіп, келіссеңіз қызыңызды әдемілеп кіргізіп те береді.

 

қыз ұзату

Қарақат Әбілдина  

Төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана, атақты әнші Қарақаттың жолын берсін десеңіз, сіз де 3 миллионға жуық ақшаны беруіңізге тура келеді. Нақты гонорар 7 мың доллар. Бірақ Қарақат жанынан Қыдекесін тастамайды. Сол үшін де бағасы қымбат. Жұлдызды жұпқа алдын ала 3-4 ай бұрын хабарласып тапсырыс беріп қою керек. Себебі той маусымында брондап үлгермей қалуыңыз мүмкін.

Бұдан бөлек екі кісіге бизнес- класс ұшаққа билет, Rixos сынды люкс қонақ үйде бір номер жалдайсыз.

Қызды кіргізіп, шығарып салатын олар тойда бас-аяғы 15-тен аса ән шырқайды. Жеке де орындайды. Ақшасы аспандап тұрса да, ешқандай "скидка" қарастырылмаған. Айта кетейік, әзірше бұл ең қымбат сома. 

 

қыз ұзату

Айдар Тұрғамбек 

Қарша борған негативті пікірлерге қасқайып қарсы тұрып келе жатқан Айдар ұлдарыңыз "қарындасын ағасы шығарып салса еш әбестігі жоқ" деп шырылдайды. Квартет әншісі қызыңызды өз дәрежесіне лайықты шығарып салсын десеңіз, 2-ақ мың долларды төлесеңіз болғаны. 

Әнші ұлдарыңызды жақсылап күтіп, жағдайын жасасаңыз, тойыңызды ерекше жандандырып, гүлдендіріп жібереді. Бұдан бөлек жолы мен қонақ үйіне ақша төлейтініңізді ұмытпаңыз.  

 

қыз ұзату

Гүлзира Айдарбекова 

Хитменнің анасы, екі келіннің енесі, немере бағып отырған бақытты Айдарбекованың жолы жұғысты болсын десеңіз, 2 мың доллар шотына аударасыз. Жолы мен жатын орны екі адамға бөлек шығындаласыз. Шығарып салғанына бола долларыңызды аяп, өтініш айтатын болсаңыз, Гүлзира ханым айтқан бағасынан бір грамм да түсе алмайтынын айтып ғафу өтінеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тойға шығатын ең қымбат асабалар мен әншілердің прайстарын жасаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды

Бокстан әлем чемпионатынан тағы да шеттетілді: Левит экваторлық спортшыдан жеңілді

Бұл әлем чемпионаты - Левиттің мансабындағы үшінші чемпионат

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Желі қолданушысы: Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?

100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі тамақтың бағасы көпшілікті таңғалдырды

Асханадағы тамақ бағасы 200 теңгеден басталады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр