Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды": Абайтанушы Омар Жәлел айтқан сөзі үшін ақталмайтынын айтты

"Қыз-тауар. Ата-ана сол тауарды өткізуі керек". Бұл Абайтанушы, ғалым Омар Жәлелұлының өз теңін әлі таба алмай жүрген қыздарға айтқан сыны мен ақылы. Отандық бағдарламалардың бірінде "Сүйгенді табу оңай ма?" тақырыбында пікірталаста өз ойын айтқан ғалым мырза сөзінен "жаңылып", отандық блогерлер өре түрегелді. Stan.kz тілшісі Омар Жәлелдің өзіне хабарласып бұлай айтудағы мақсаты не екенін сұрап білді. 

Омар жәлел

Белгілі ғалымның бұл айтқан пікірі желілерде қызу талқыға түсті. Редактор, сценарист, продюсер Перизат Мырзахмет бұл пікірге байланысты өз инста-парақшасында жазба қалдырып, Жәлелұлының сөзіне шамданған болатын. Перизаттың пайымынша, көпшілік алдына шыққан соң айтылған әр сөзге абай болу керек дейді. 

"Барлығы тек тауар деген сөзге бола қарсы шықты деп ойлап жатыр. Белгілі бір деңгейде тауар дегенін метафора деп айтып ақталатын шығар. Өйткені, кезінде Ақан сері "Қызға бермес жануарым" деп Құлагерді сипаттап, бізді малға да тең көрмеген. Оған көз жұмайық. Бірақ одан басқа бағдарламада педофилді қорғап, оқушы қызды зорлаған адамның сөзін сөйлеп, еркектік қылған екен деп ақтады. Одан кейін "аруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды" деп бір тиісті. Сонда қазақтың қыздары өзіне жар таңдамай, ұнаған адамына шықпай немесе екінші әйел болып күйеуге шыға беру керек пе?! Біз осыған қарсы шықтық. Онсыз да езгіде тапталып жүрген қыз-келіншектерді біз одан сайын жерге ұрмайық деген ой. Әйелдерді дамытайық, білімін тереңдетейік, санасын ашайық деп шырылдап жүрміз. Өйткені, санасыз әйелден санасыз ұрпақ шығады. Ұлт өспейді", - деген Перизат Мырзахмет Жәлелұлының жеке басына қатысты ешқандай қарсылығы жоқ екенін, ғалым ретінде талдауларын бағалайтынын айтты. 

"Халықтың алдына шыққан соң ауыздан шыққан сөзге абай болу керек. Мұндай сөздерді естіген дарақы еркектер одан сайын құтырып кетеді. Әйел сезіне алады, әйел ойлана алады, әйел шешім қабылдай алады. Осыны басты қағида етіп, есімізде ұстауымыз керек", - деген журналист қоғамда әйел адамның өз орын барын және оған құрметпен қарап үйрену керектігін айтады.

"Дін тұрғысынан алсақ та әйелдің міндеттері мен қоса құқықтары да бар екенін айтып кетеді. Адами, діни, қай жағынан алсаң да әйелдің құқықтары бар. Сол құқықтар біздің қоғамда тапталып жатыр", - дейді Перизат Мырзахмет. 

Инстаграм желісін белсенді пайдаланушы Лаура Арғын Абайтанушының бұл сөзін ғалым адамға тән деп есептемейді. 

"Қазақ еркектері үшін әйел адам емес. Қанша жерден ғалым, абайтанушы болғанмен, бірақ ұлудың миындай миы жоқ екен. Ең қорқыныштысы, Омардың сөзіне басқа еркектер құлақ түреді, бірақ ондай азаматтар аз шығар деп үміттенемін", - деген Лаура еліміздегі әйелдер қауымына деген көзқарастың әлі де болса түзелмегеніне қынжылады.

"Шындығында бұл тақырыпқа келгенде тағы не айтарымды білмеймін. Қазақстанда әйелдерді үй қызметшісі сияқты қарайды. Ол кісіні қалай философ, ғалым болғанын білмеймін, оның айтып отырғанының өзі сауатсыздық қой. 2020 жыл болғанына қарамай біз әйелдің не істеп, не істемеу керектігін әлі талқылап, қоғамға не пайда әкеле алады деп бас қатырудамыз", - деген Лаура қыздар тарапына жасалған төмендету екенін, еркектер ел көріп, танымын кеңейтсе екен дейді.

Омар Жәлелұлы өз адресіне жазылған осындай қарсы пікірлердің барлығын көзге ілмей, жауап бермей отыр. Өзіне хабарласып сұрағанымызда: халықтың алдында не үшін тауар деп айтқанымды түсіндірдім, енді сұхбат бермеймін, ақталғандай болмайын деп қысқа қайырды. Сондай-ақ, айтқан пікірі дұрыс екенін, бұлай айтуда жаман ой жоғын, өресі жетпеген адамдар қате түсінсе өздерінің мәселесі екенін түсіндірді.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады - ДСМ

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты

Коронавирус Қазақстанға жетуі ғажап емес - ДСМ

Біртанов қытайлық індеттің дүниежүзіне жылдам тарап кеткенін атап өтті
Çàãðóçêà...