Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз бала сыныпта отырып бұтына жіберіп қойған: Анасы ұстаздардың оны дәретханаға кіргізбей қойғанын айтты

Алматы облысында үлкен дәретке барғысы келген төменгі сыныпта оқитын оқушы қызды әжетханаға кіруіне тйым салған. Салдарынан жеткіншек бұтына жіберіп қойған. Балаға көмектесіп, бұл жағдайды тыныш қана жаба салудың орнына ересектер оқиғаны үлкен жанжалға айналдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Сурет: time.kz сайтынан

Үштөбе қаласының М. Горький атындағы мектептің 2 сынып оқушысы сабаққа барғысы келмейді екен. Қыз бала ата-анасынан басқа мектепке ауыстыруын өтініп, күн сайын жылайтын көрінеді. 

"Менің үлкен дәретке барғым келді. Ұстаздан сыртқа шығуға рұқсат сұраған едім, ол мені мектепке үлкен дәретке бармайды деп жібермей қойды. Мен бұтыма жіберіп қойдым. Менің сыныптастарым мені мазақтай бастады, тек келесі сабақ басталатын кезде ғана мені ұйге қайтарды", - дейді қыз бала. 

"Екінші не үшінші сабақтың уақыты болатын. Маған әдебиет пәнінен беретін Олеся Юрьева Парышева есімді мұғалім қоңырау шалып, қызымның дене қызуы көтеріліп тұрған соң үйге қайтарып жібергендігін айтты. Алайда үйге  шалбары су-су, көз жасын көл қылып келіп тұр. Артынша оның бұтына жіберіп қойғандығын анықтадым. Ең сорақысы, оның боғы іш киімінің ішінде қатып қалыпты, Бұл не деген масқара? Менің қызымды мектепте болған жағдайдан кейін қанша уақыт ұстаған сонда ? ", - деді қыздың анасы. 

Әйелдің айтуынша, бүкіл сыныптастарының көзінше мұндай жайтқа тап болу оқушы қыздың психологиясына қалай әсер ететінін елестету мүлдем қиын. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мектепке барған ана күтпеген жерден таңқаларлық жағдайға кезігіпті. Мектеп әкімдігі қызға көмектесудің орнына оған қарсы ұжымдасып, оны өтірікші қылмақ болыпты. 

"Оның өтірік айтыс несі бар? Сонда ол қоңырауда дәретханаға бармай, бұтына жібере салады ма? Мектептегілер менің қызым мұның барлығын ойдан құрастырды деп отыр", - деп налыды әйел. 

Облыс аймақтарында орналасқан әжетханалар Таразда болған жағдайдан соң жырға айналған еді. Дегенмен оқиға болған оқу орнының ішінде дәретхана бар көрінеді. Бірақ мұндағы кіші сынып оқушыларының айтуынша, іштегі әжетханаға тек кіші дәретке отыруға рұқсат. Ал жоғарғы сыныптағылар мен үлкен дәретке барғысы келетіндер сыртқа шығады екен. 

Мектептегілер болған жағдайды жоққа шығарып, әбігерге түсіпті. Қызды дәретханаға жібермей қойған ұстаздың сөзінше, қыз мүлдем сыртқа шығуға сұранбаған. Ал мектеп директоры бұл жағдайдан мүлдем бейхабар екендігін айтып, тіпті, әжетхананың өзін көрсетіп беріпті.

Бар кінә түймедей жағдайды түйедей қылған мектеп ұжымында сияқты. Ұстаз қызды дәретханаға жібермегендігімен қоймай, еден жуушы лас әжетхана үшін қыз баланы бүкіл сыныптастарының алдында ұятқа қалдырған. Ал мектеп директоры болса, ата-ананың ренішін тыңдап, оны басудың орнына өзінің қол астындағы қызметкерлерін жақтап шығыпты. 

Қыздың анасы алдағы уақытта баласын басқа мектепке ауыстырын жоспарлап отыр. Себебі бұл жағдайдан кейін жеткіншектің мектеп оқушыларына мазақ болып, психологиялық соққы алуын қаламайды екен. 

 

Талқылау