Киви кәрілікпен күресуге көмектеседі – Диетологтар
Киви – дәруменге бай жемістердің бірі. Оның 100 грамында С дәруменінің 4 тәуіліктік нормасы болады. Ол адамды сергітіп қана қоймай, иммунитетті нығайтады. Сонымен қатар жасушаларды бос радикалдардан қорғайтын күшті табиғи антиоксидант, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MK.ru сайтына сілтеме жасап.

Киви құрамындағы актинидин ферменті мен басқа жеміс қышқылдары ақуыздарды таратып, ас қорытуды жеңілдетеді. Бұл жемісті Қытай медицинасында асқазан-ішек жұмысын реттеуде пайдаланады.
Кивидің денсаулыққа пайдасы қандай
Кивиді тұрақты тұтыну ағза жұмысын жақсартып, тері қартаюының алдын алады. Бұдан бөлек К дәрумені мен калийге де бай. Әрі жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы, қан айналымын жақсартатын өзге де компоненттер бар.
Диетологтар кивиді тамақтану мәзіріне қосуға кеңес береді. Сонымен қатар зиянды тіскебасарлар мен тәтті десерттер орнына киви жеуді ұсынады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді