AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қымбат болса да алар едік": Қазақстандықтар дүкендерден кеңсе қағазын таппай жүр

Елімізде кеңсе қағазы қымбаттады. Ақ парақтың бағасы кей аймақтарда 50 пайызға бір-ақ көтерілген. Жуырда тағы да өседі деген болжамдар айтылуда. Өйткені қағаз тапшылығы сезілуде. Қазақстанға қағаздың басым бөлігі Ресейден келетіндіктен, ондағы компаниялар түрлі санкцияларға байланысты қағаз ағартатын қоспалардан қағылған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ак кагаз

Осылайша өндірістің құлдырауы бағаның күрт өсуіне алып келген. Қазір еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалаларда қағаз сататын сөрелер бос тұр. 
Петропавлда кеңсе қағазы атымен жоқ. "Іздесеңіз де таппайсыз", - дейді тұрғындар. Тіпті кей сауда орындарының иелері қағаздың жоқтығын жазып есігінің сыртына іліп қойған. Бір күннің ішінде бірнеше дүкенге барып шаршаған тұрғындар, тіпті қымбат болса да сатып алатын едік дейді.

"Гоголь көшесіндегі дүкенге бардым. Кеңсе қағазы жоқ деп айтты. Қашан келетіні жайлы да ақпарат бермеді. Базардағы кеңсе тауарларын сататын жерге де бардым. Ол жерде де жоқ . Шынымды айтсам, бұл бүгіндікке келіп тұрған үшінші сауда нүктем. Қағаздың аяқасты жоғалып кеткенін түсінбей отырмын. Сатушылардан қашан алып келесіздер деп сұрасам, оны да айтпайды", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Александр Радченко.

Оралда бәрінен де кеңсе қызметкерлері қиналып отыр. Жұмысының 90 пайызы қағазбен байланысты мекемелелер тығырықтан қалай шығарын білмей дал. Электронды құжат айналымы көмектескенімен, кейбір түбіртек, хаттама, актілерді қағазға шығару керек дейді олар.



"Біздің компания абоненттермен тікелей жұмыс істейді. Түбіртек, актілерді қағазға шығарамыз. Бұрын, A4 форматындағы арзан әрі екі адым жерде сатылатын. Қазір  ол мүлдем жоғалып кетті. Егер тапсаңыз да, оны қымбатқа сатып аласыз. Дәл қазір өзімізде бір бума ақ қағаз қалды. Соны үнемдеп жеткізуге тырысамыз", - дейді менеджер Наталья Еремина.

Ақтауда да осы жағдай. Бұрын 1300-1500 теңгеден сатылған ақ қағазды қазір 2500-3000 теңгеге әзер табасыз. Жұмысы қағазбен байланысты баспаханалар тіпті өзі шығаратын өнімінің бағасын өсіруді ойластырып отыр. 

"Қағазды бұрынғы бағамен алып қоюға біз үлгерген жоқпыз. Себебі, ондай ойымызда да болған жоқ. Қағаздың бағасы өседі деген. Қазір өзіміз шығаратын өнім дейді ғой. Соның бағасын әлі көтерген жоқпыз. Әлі қараймыз, нарықтың қалай болатынын. Егер осы баағамен қалатын болса, өсетін болса, сол кезде нақты көтеру керек болады деген ойым бар", - дейді баспахана директоры Ербол Ибраев.

Қазір танымал ресейлік интернет-дүкеннің сайттарында 500 парағы бар бір бума ақ қағазға 10 мың теңге сұрап отыр. Ал елде дәл осындай қағазды 3000-3500 аралығында сатылуда. Баға бұлай қалатыны, не қалмайтыны әзірге белгісіз дейді алыпсатарлар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр