AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды жазда тағы да қуаңшылық күтіп тұр

Қазақстанды алдағы жазда тағы да қуаңшылық күтіп тұр. Былтырғы жағдайдан сабақ алған Үкімет аптап ыстыққа төзімді дәнді-дақыл тұқымдарының жаңа сұрыптарын әзірлемекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

егін

Былтыр Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы егістік алқаптарының жұтап қурап кеткен. Мамандар биыл да құрғақшылық болуы мүмкін екенін алға тартады. Үкімет басшысы мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

“Қысқа мерзімде отандық тұқым сұрыптары ғылымын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарлама қабылдау қажет. Тұқым сұрыптары сапасызданып, өнімділігі төмендеп барады. Жылдан жылға құрғақшылық белең алуда. Бұл жағдайда қуаңшылыққа төзімді әрі мол өнім беретін тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеу аса маңызды”, – дейді  премьер-министр Әлихан Смайылов.

Отандық ғалымдар тұқым сұрыптарын әзірлегенше, көктемгі егін себу науқаны басталып кетеді. Сондықтан Ресейлік импортты пайдалануға тура келеді. Оны Қазақстанға теміржол арқылы жеткізу қарастырылып жатыр.

Биыл егіс алқабының көлемін шенеуніктер 23 миллион гектарға дейін арттырған. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жоғары сұранысқа ие дәнді дақылдарды егу туралы тапсырма жүктелді. Оған жеңілдетілген несиелеу қарастырылған.

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына қазынадан 70 миллиард теңге бөлінеді. Айтып өту керек, былтыр бір гектардан шаруалар орта есеппен 10 центнер астық жинады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр