Қытайлық Xiaomi компаниясы алғашқы смарт сақинасын шығарды
Қытайлық Xiaomi компаниясы өзінің алғашқы смарт сақинасын шығарғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: dzen.ru
Брендтің әлеуметтік желілерінде құрылғының тизері көрсетілді. Black Shark сақинасы металдан жасалған, профилінің қалыңдығы 2,2 миллиметр. Гаджет жүрек соғу жиілігін, қанның оттегімен қанығу деңгейін және дене температурасын өлшей алады.
Компания сақина бір зарядта 180 күнге дейін жұмыс істей алатынын атап өтті. Құрылғыда зарядтауға арналған қорап бар. Xiaomi өкілдері сақинаның басқа сипаттамаларын, бағасын және шығу күнін кейінірек айтуға уәде берді.
Ақпан айының соңында оңтүстік Кореяның Samsung корпорациясы MWC 2024 көрмесінде Galaxy Ring смарт сақинасын ұсынды. Құрылғы жүріп өткен қашықты, пульсті, тыныс алу жылдамдығын және ұйқының сапасын жазуға мүмкіндік береді. Смарт сақинаның шығу күні мен құны жарияланбады.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”