Қытайлық сарапшы коронавирус індетінің аяқталу мерзімін атады
Қытайдағы пневмонияның таралуына қарсы күрес жөніндегі комиссияның басшысы Чжун Наньшань коронавирус індеті 2020 жылдың жазында төмендейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарапшы індет қазіргі кезде өзінің шыңында деген пікірде. Бірақ оның болжамына сәйкес, жазға жақын індеттің өршуі азаяды.
"Әлем елдеріндегі індет маусым айына дейін жалғасады", - деді Чжун Наньшань.
Ол бұған дейін Қытайды коронавирустық індет көзі ретінде қарастырудың қажеті жоқ деп мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус планетада жаңа қытай вирусының таралуы пандемияны тудыруы мүмкін деп мәлімдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы