Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық коронавируске шалдыққан адамдардың бойынан байқалатын аурудың белгілері айтылды

Ухань университетіне қарасты Қытайдың ұлттық ауруханасы коронавирустың алғашқы сиптомдарына байланысты кеңестермен бөлісті. Бұл аурудың белгілері дене қызуы көтерілуі, жөтел, ентігуден бұрын байқалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайдағы вирус

Бұған дейін Қытай билігі коронавирустың алғашғы симптомдары ретінде өкпе қабынуы, қалтырау мен әлсіздік және құрғақ жөтелді айқан еді. Бірақ кейбір науқастардан олардан бөлек басқа да аурудың белгілері байқалыпты. 

Көбіне ауруға шалдыққан адамдардың арасында асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы анықталған. Атап айтсақ, науқастар іш өту, құсу, жүрегі айну, улану белгілері - әлсіздік, буындарының ауыратындығы жайлы айтып шағымданыпты. Сонымен қатар олардың бастары ауырып, ағзаларындағы жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметі бұзылған, конъюнктивитке (көз ауруы) шалдыққан. Оларға жасалған сараптама нәтижесі бойларынан коронавирусты тауыпты. 

"Коронавирусқа шалдыққан адамдардың арасында белгілі бір аурулардың симптомдары жоқ болғандықтан жұқпалы инфекцияны анықтау қиынға соғып отыр. Осының салдарынан кейбір сараптамалар вирусты дәл таппай, қате диагноз қоюға итермелеуде. Дәрігерлер егер науқастың бойында әлсіздік, психикалық ауытқушылықтар мен бұлшықет аурулары байқалса, мұқият болуларыы керек. Оған қоса медицина қызметкерлері өздерінің аурудан қорғауды ұмытпаған жөн", - дейді мамандар. 

Айтып кетерлік жайт, арты өлімге алып келетін індетке шалдыққандардың саны 2000-ға таяп қалған, ал көз жұмғандардың саны 56-ға жетіп отыр. Осыған байланысты Қазақстанда коронавирусқа қатысты сұрақтарға жауап беретін, тәулік бойы жұмыс атқаратын байланыс-орталығы ашылды. 
 

Талқылау