Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығы іске қосылды

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс-орталығы құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайдағы инфекция

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өздерінің ресми Facebook парақшасында жариялады. 

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады. Бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқасаңыз, 103 нөмiрiне хабарласыңыз", - деп жазылған хабарламада. 

ауру

Естеріңізге салайық, Қытайдан бастау алған індет басқа да мемлекеттерге тарап үлгерді. Қазіргі таңда коронавирустың жаңа түрін жұтырғандардың саны екі мыңға таяп қалған. Арты өлімге алып келетін жұқпалы дерт 56 адамның өмірін жалмаған, олардың арасында бір медицина қызметкері де бар. Ауру көбіне қарт адамдар үшін қауіпті болып отыр. 

 

Талқылау