Қытайлық банк Қазақстан даму банкіне 1 миллиард доллар бөледі
Фото: depositphotos.com
Қытайлық банк Қазақстан даму банкіне 1 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Си Цзиньпиннің Астанаға сапары аясында Қазақстан даму банкі мен China Development Bank (CDB) 1 миллиард доллар көлемінде несиелік желі бөлу туралы келісімге қол қойды.
Алынған қаражат экономиканың негізгі өңдеуші өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешені секілді салалардағы жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағын Астанаға дейін қазақстандық жойғыш-ұшақтар алып жүрген (видео)
Келісімнің басты ерекшелігі – қаржыны АҚШ долларымен де, қытай юанімен де пайдалану мүмкіндігі. Несиелік желінің едәуір бөлігі Қытайдың ұлттық валютасында есеп айырысатын жобаларға арналмақ.
Еске салсақ, бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жұмыс сапарымен Астанаға келгені туралы жазған едік.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді