Си Цзиньпин жұмыс сапарымен Астанаға келді: Қазақстандық балалар оған достық туралы өлең оқыды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

"Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді", – делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстанда екінші АЭС-ті қытайлық компания салатын болды

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға 16-17 маусым күндері Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келетінін жазған едік. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі