Қытайлық әйелдер шенеуніктердің үйге келіп, бала тууды жоспарлау туралы сұрағына шағымданды
Қытайда туу көрсеткіші төмендеп бара жатқандықтан шенеуніктер әйелдердің үйлеріне барып, бала тууды жоспарлау туралы сұрақтар қоя бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымы сілтеме жасап хабарлады.
Фото: dzen.ru
"Олар менің үйіме келгенде бұл шынымен күлкілі болды", – деді басылымға сұхбат берген Юми Ян.
Шенеунік әйелмен некелескеннен кейін оған пренаталдық дәрумендер берген. Ян бұл әрекетті биліктің көмегі деп қабылдаған. Біраз уақыт өткен соң оған бір шенеунік қоңырау шалып, дәрумендерді қабылдап жүрген-жүрмегенін сұраған. Ал жүктілік кезінде қайтадан қоңырау түскен. Ян бала дүниеге келгеннен кейін бірнеше мемлекеттік қызметкер оның үйіне келіп, есеп беру үшін сәбиімен суретке түсуді сұрағанын мәлімдеді.
The New York Times журналистері Қытайдың туу көрсеткішін арттыруға ниетті шенеуніктердің әрекеттерін бақылау үшін бірнеше аймақтарға барды. Он әйелдің жетеуі мемлекеттік қызметкерлердің олардан бала тууды жоспарлап жүрген-жүрмегенін сұрағанын айтты.
Деректерге сенсек, қытайлық шенеуніктер әйелдерді осындай сұрақтармен ғана шектелмей, сонымен қатар, білім беру мекемелерімен бірлесіп, неке мен бала тууға қатысты "оң көзқарас" курстарын әзірлеумен айналысып жатыр екен.
Қыркүйекте Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы зейнет жасын арттыру туралы шешімді мақұлдады, бұл 1950 жылдардан бері бірінші рет болып отыр. Шешімде билік халықтың қартаюына жауап беруі қажет екені атап көрсетілді.
Еске салайық, бұған дейін Қытай халқының саны екінші жыл қатарынан азайып жатқанын жаздық. ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметі бойынша, 2023 жылы Қытай тұрғындарының саны 1 миллиард 409 миллион адам болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,08 миллионға аз. Мәліметте халық саны екінші жыл қатарынан азайып келе жатқаны айтылған.