Қытайдың бес азаматына Қазақстаннан Ресейге кіруге тыйым салынды
Қытайдың бес азаматына Қазақстаннан Ресейге кіруге тыйым салынды. Осыған орай Қытай өкілдері шекарашылардың әрекетін тергеуді сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың бес азаматы Ресейге Астрахань облысының Қараөзек өткізу бекеті арқылы өтпек болған. Алайда туристерге кіруге рұқсат берілмепті. Олардың сол тұста визасының күшін жойып жіберген. Туристердің бірінен төрт сағат бойы бекетте жауап алынған айтады.
Қытай елшілігі болған оқиғаға алаңдап, мұндай жайттар екі елдің достық қарым-қатынасына әсер ететінін айтты.
Қытай өкілдері Ресей тарапынан шекарашылардың әрекетін тергеуді сұрап отыр. Олар не себепті туристердің Ресейге кіре алмағанын білгісі келеді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған