Қытайдан Нұр-Сұлтанға кезекті гуманитарлық көмек келіп жетті
ҚР қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциялары, мемлекеттік органдары және компаниялары жолдады.
Медициналық бұйымдардың ішінде:
медициналық жүк маска (131500 дана);
қолғап (10900 дана);
термометр (100 дана);
арнайы қорғаныс киімдерден (720 дана) бар.
Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді