Қытайдан келген жасанды қырыққабат туралы видео қазақстандықтарды шошытуда
Қазақстандықтар бір-біріне видео таратуда. Бұл жолы бейнежазба авторлары Қытайда жасалатын синтетикалық қырыққабатты жергілікті сөрелерден табуға болады дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентітігі.
Белгілі болғандай, видео әлеуметтік желіде 2016 жылы пайда болыпты. Сол уақытта бірден көптеген елдерде танымал болған. Барлық жерде дерлік оған “қырыққабаттың Қытайда жасалуы" деп жазып қойған.
КТК арнасының ақпараты бойынша, ролик шын мәнінде Жапонияның Гудзё қаласында түсірілген. Онда балауыздан және басқа да материалдардан шынайы өнімдер жасау технологиясы әзірленген. Мұндай муляждар мейрамханаларды безендіру үшін қолданылады.
Ғалымдар мұндай жалған өнімдерді Қазақстанның азық-түлік дүкендеріне жеткізілді деген ақпаратты жоққа шығарды. Өйткені муляжды нағыз қырыққабатпен шатастыру мүмкін емес.
Мұндай бейнелер көбінесе жалған ақпарат үшін қолданылатынын ескеріңіз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”