Қытайда марафонда ауа райының қолайсыздығынан 20 жүгіруші қайтыс болды
Қытайдың Ганьсу провинциясында ультрамарафон кезінде ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқандар саны 20 адамға дейін өсті, тағы бір адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

100 шақырымдық жүгіріс сенбі күні таңертең Байинь қаласының маңында басталды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұршақ сенбіде басталды, марафон өткен аймақта қатты дауыл соқты.
Қатты суыққа байланысты қатысушылар физикалық қолайсыздықты сезінді, дене қызуы төмендеді. Іздеу-құтқару жұмыстарына билік 700 құтқарушыны жұмылдырды.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 06.00-ге дейін құтқарушылар 172 марафонға қатысушылардың 151-ін тауып эвакуациялады. Олардың 20-да өмір белгілері жоқ, жеңіл жарақат алған сегіз адам ауруханаға жатқызылды, тағы бір адам із-түзсіз жоғалуда, оны іздеу жалғасуда.
Қытай елшілігінің алдына наразылыққа шыққандар ұсталды: Оларды жауапкершілікке тартып жатыр
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған