AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай елшілігінің алдына наразылыққа шыққандар ұсталды: Оларды жауапкершілікке тартып жатыр

Ақпаннан бері лагерьдегі туыстарының жоғын жоқтап Алматыдағы Қытай елшілігінің алдына келіп жүрген қандастар қамауға алынып, оларға айыппұл салынып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сегіз адам Байболат Күнболатұлы, Гүлпия Қазыбек, Қалида Ақытхан, Гүлбаран Өмірәлі, Нұрзат Ермекбай, Гүлнұр Қосдәулет, Жамиля Мәкен және Ақиқат Қалиолла Қытай келшілігінің алдында заңсыз митинг ұйымдастырды деген айыппен ұсталған. 

Елшілік алдына шыққандардың сөзінше, тәртіп сақшылары оларды қамауға алып, бір күн бойы тергеген. 

“Сегіз адам елшіліктің алдына шыққан едік. Полицейлер келіп, алтауымызды көлікке басып алды. Қалған екі адамды жолдан алып кетіп, апарып тергеді. Түскі он екіден кешке дейін қамауда ұстады. Сегіз адамның алтауына 61500 теңге айыппұл салды”, – дейді Гүлбаран Өмірәліқызы. 



Ағасының Қытай лагерьінен босатылып, Қазақстанға қайтқанын қалайтын Алмахан Мырза да бес айдан бері елшіліктің табалдырығын тоздырғандардың бірі. Ағасы үшін әділдік сұраған ол әлі күнге дейін ешқандай жауап болмады деп наразы.

“Мен туған ағамды іздеп елшіліктің табалдырығын тоздырғаныма бес ай уақыт болды. Ағамды жазықсыз 14 жылға соттаған. Ағам екінші дәрежелі мүгедек. Сол кісінің денсаулығы үшін алаңдап, елішілікке келіп оны Қазақстанға қайтаруын, ең болмаса, лагерьден босатуын сұрап, арыз талабымды жеткізгеніме бес ай болды. Бірақ жауап жоқ”, – дейді Алмахан Мырза.  

Алмахан Мырзаға да рұқсатсыз митингіге шықтың деп 61500 теңге айыппұл келген. Айыппұлды он күн ішінде төлесін деген талап қойылыпты. Алайда, киер киімі мен ішер асын әрең тауып жүрген келіншек, айыппұл төлейтін қаражатым жоқ дейді. 

“Маған заңсыз, рұқсат етілмеген митингіге шықтың, қолыңа плакат алып, наразылық таныттың деген айыппен 60 мың көлемінде айыппұл салынды. Мен ешқандай митингіге шыққан жоқпын. Тек ағамның суретін алып, оның Қазақстанға қайтарылуын сұрадым. Қазір айыппұл төлейтін ақшам жоқ. Оған қоса, бұл митингі емес, мен айыппұлды негізсіз салып отыр деп есептеймін”, –дейді келіншек. 

Қанша жерден айыппұл салса да, ағам үшін күресуді жалғастырамын дейді келіншек. 

“Қанша айыппұл салып, жала жауып, ақша өндірмек болса да, мен ағам үшін күресуді жалғастырамын. Мен митингіге шыққан жоқпын, ағам үшін әділдік сұрадым”, – дейді ол.

Наразылық білдірушілерді айыппұл тоқтатпайтын сыңайлы. Олар талаптарына жоғарыдағылар құлақ асқанша Қытай елшілігінің алдында наразылық білдіруді жалғастырмақ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр