Қытайда тас жол қирап, жиырма көлік үйінді астында қалды (видео)
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында автомагистраль қирап қалды. Оқиға салдарынан 20 көлік үйінді астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: news.cctv.com
Оқиға 1 мамырда, сағат 2:10 шамасында Гуандун провинциясынан Фуцзянь аймағына апаратын жедел жолда болды.
"Оқиғадан зардап шеккендер саны 54-ке жетті. Оның 24-і қаза болды", – деп жазады басылым.
Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал тас жолда көлік қозғалысы жабылған.
Оқиғаның салдары туралы мәліметтерді жергілікті билік хабарлады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де үйінді астынан 20 көлік табылды. Оқиға орнында зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"