Қытайда тағы бір ауру шықты: Жаңа вирус бір адамның өмірін қиды
Қытайда хантавирус инфекциясынан көз жұмған алғашқы адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Юньнань провинциясының тұрғыны автобуста кетіп бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлапты. Дәрігерлер азаматтың хантавирустық кардиопульмалды синдромға шалдыққанын анықтаған. Бұл аурудың тууына хантавирус деп аталатын инфекция себепші екен. Марқұммен бірге автобуста кетіп бара жатқан 32 жолаушы карантинге жабылыпты.
Аталмыш аурудың негізгі таратушылары кеміргіштер болып табылады. Сонымен қатар вирус ауамен тез таралып, тыныс алу жолдарына зақым келтіреді. Бұл індетке кез келген адам тап болуы мүмкін.
Алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытудың бұзылуы, жүрек айну. Қазіргі таңда хантавирустың емі жоқ көрінеді.
Адам өміріне қауіпті, емі әлі табылмаған вирустар туралы оқыңыз.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері ішінде шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген