Қытайда Олимпиада ойындарының символикасы бейнеленген кәдесыйларды көшіріп сатқан азамат сотталды
Қысқы Олимпиада ойындарының символикасы бейнеленген кәдесыйларды көшіріп сатқаны үшін Қытай тұрғыны бір жылға сотталып, айыппұл салынды. Бұл туралы авторлық құқық істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Тан Чжаочжи мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Р-Спорт басылымына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бұл Олимпиада символикасына қатысты авторлық құқықты бұзу бойынша алғашқы жағдай болып отыр.
"Жақында Бейжіңде шұғыл тергеу жұмыстары жүріп, Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ойыншық белгісін көшіріп, сатқан азамат ұсталды. Панда Бин ДуньДунь мен Сюэ Жунжун есімді шам бейнеленген ойыншықты сатқаны үшін Бейжің тұрғыны 1 жылға қамауға алынып, 40 мың юань (6,3 мың доллар) айыппұл салынды", – деді Тан Чжаочжи.
Бұған дейін Бейжіңде Олимпиада бойтұмарын алып-сатқаны үшін үш азамат ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылған. Елде Олимпиада белгісін сатып алу үшін дүкендерде ұзын-сонар кезек түзілген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған