Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай түрмесінде жатқан 500-ден астам азамат коронавирус жұқтырды

Қытай түрмелерінде жатқан 500-ден астам азамат коронавируске шалдықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚХР-дың әділет министрлігінің түрме істері басқармасының басшысы Хэ Пин мәлімдеді. 

Хубэй, Шаньдун  және Чжэцзян провинцияларындағы 505 азамат коронавирус жұқтырған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар түрмесі мен әйелдерге арналған абақтыда жатқандар бар. Тағы тоғыз адам сырқаттанды деген болжам айтылыпты. 

Осы жағдайға байланысты Шаньдун провинциясында әділет басқармасының басшысы жұмыстан босатылған. Ең алғаш түрмедегі күзетшілердің бірі жұқпалы індетке тап болған. Түрме әкімшілігі аурудың таралмауына бар жағдай жасаған, бірақ оның нәтижесі болмапты. 

Қазіргі таңда коронавирустің кесірінен көз жұмғандардың саны 2247-ге жетіп отыр. Ауруды жалпы саны 76,7 мың адам жұқтырған, тағы 18,4 мың адам сырқаттан құлан таза айығып шыққан. 

 

Талқылау