Қытай өзінің коронавирусқа қарсы вакциналарының тиімділігі төмен екенін мойындады
Қытайлық ауруларды бақылау орталығы SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түріне қарсы қытайлық вакциналардың тиімділігі төмен екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір бізде иммундау үшін әртүрлі өндірістің әртүрлі вакциналарын қолдану нұсқасы ресми түрде қарастырылуда", - деді орталық директоры Гао Фу.
Сол сөйлеген сөзінде ол қытайлық вакциналар "онша тиімді емес" екенін мойындаған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Sinovac препаратының тиімділігі 50,4 пайызды құрайды — салыстыру үшін, ресейлік және батыстық аналогтарта бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады.
Бұл ретте Қытайда әлі күнге дейін шетелдік коронавирусқа қарсы вакциналарды қолдануға рұқсат бермеді.
Айта кетейік, Қытай азаматтары он миллион дозаны алып үлгерді: Бейжіңде жаздың ортасына қарай елде бір миллиардтан астам адамға вакцина егуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"