Қытай коронавирус пандемиясының маусым айына дейін аяқталатынын мәлімдеді
Қытай денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік арнайы комитеттің басшысы Чжун Наньшань әлемдегі жаңа коронавирус пандемиясының маусым айына дейін аяқталуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының пікірінше, бұл әр елдердің Covid-19 коронавирусының пандемиясымен күресу үшін жұмылдыруды талап етеді. Ол мұндай жағдайда жеңіске жету үшін бірнеше ай қажет болады деп санайды.
"Мен барлық елдерді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауларын орындауға және ұлттық деңгейде күш-жігер жұмсауға шақырамын", - деді Чжун Наньшань.
Ол күн жылуының басталуы вирустың таралуын баяулатуы мүмкін екенін атап өтті.
"Менің бағалауым барлық елдер жағымды шаралар қабылдаған сценарийлерге негізделген", - деп қосты сарапшы.
Алайда, ол жаңа коронавирус індетінің кейбір елдер вирустың қауіптілігін ескермесе және онымен күресу үшін қажетті шараларды қабылдамаса ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтті.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр