"Қытай елшісі Қазақстан ҚХР-ға қосылған жағдайда қарызы кешірілетінін мәлімдеді": Желідегі жазба қазақстандықтарды састырды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның еліміз ҚХР құрамына кірген жағдайда, оның сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екендіктері жайлы мәлімдегені туралы хабарлама таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Осындай тақырыптағы посттың дереккөзі – qazinform24 Instagram-аккаунты. Бұл шынайы жаңалықтар жарияламайтын сатиралық парақша. Оның профилінде аккаунт сатиралық контент пен фейк жаңалықтар жариялайды деп жазылған.
Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ. Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған.
Демек, ҚХР құрамына кірсе, Қазақстанның сыртқы қарызы жабылатыны туралы хабарламалар фейк болып табылады, оны кейбір пайдаланушылар сатиралық парақшаны дереккөз ретінде көрсетпей таратады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы