Қысқы Олимпиада: Сайыстың алғашқы күнінде кімдер өнер көрсетеді
Бүгін 3 ақпанда Қытайда Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Жергілікті билік және Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус жаппай таралмауы үшін қатаң бақылауға алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан мен Бейжің уақытында 2 сағат айырмашылық бар. Жарыстың іріктеу кезеңінде могулшылар сайысқа түседі.
Сағат 16:00-де әйелдер жарысы өтеді. Мұнда Қазақстан атынан Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко мен Олеся Граур бақ сынайды.
Сағат 17:45-те ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде отандастарымыз Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд сайысқа түспек.
Астана уақытымен 20:00-де шаңғымен тұғырдан секіруден ресми жаттығу өтеді. Жаттығуларға Сергей Ткаченко мен Даниил Васильев қатысады.
Айта кетейік, кеше Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталған еді. Ал жарыстың ресми ашылу салтанаты 4 ақпанда болады.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"