Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірмек болған қыз көзінен айырылып қала жаздады

Англияның Реддитч қаласының тұрғыны қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісіремін деп ауруханадан бір-ақ шықты. Ол ауыр күйік жарақатын алған.

Қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірмек болған қыз көзінен айырылып қала жаздады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

6 тамызда 22 жастағы Бетани Россер таңғы асқа піскен жұмыртқа әзірлемек болады. Ол ғаламтордан жұмыртқаны пісірудің «жылдам әрі қауіпсіз әдісін» оқып, жұмыртқаны тұз қосылған суға салып, оны қысқа толқынды пешке 6 минутқа қойған.

«Сайттағы нұсқаулыққа сәйкес, жұмыртқаны қысқа толқынды пеште 6-8 минут аралығында ұстау қажет. Мен сақтық үшін жұмыртқаны 6 минуттан кейін алдым», - дейді қыз.

Россер жұмыртқаны алып, оның дайын болған-болмағанын тексерейін дегенде жұмыртқалардың бірі жарылып кетіп, қыздың оң жақ бетін күйдіріп тастапты.

Қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірмек болған қыз көзінен айырылып қала жаздады

«Олар қысқа толқынды пештің ішінде болғанда бүтін еді», - дейді Россер. 

Қыз бірден жедел жәрдем шақырып, артынша бетін суық суға тосқан. Ол осы оқиғадан кейін оң көзі нашар көре бастағанын айтады. 

«Қазір көзім аздап ашылады. Алайда бәрі бұлыңғыр болып көрінеді», - дейді ол. 

Әзірге дәрігерлер Россердің көзінің көруін толықтай қалпына келтіруге бола ма, жоқ па, нақты айта алмай отыр. 

2017 жылы АҚШ-тың акустика жөніндегі мамандары бүтін күйінде пісіріліп, артынша қысқа толқынды пеште қыздырылған жұмыртқалардың жарылып, адамды күйдіруі мүмкін екенін дәлелдеген. Мұндай жағдай қысқа толқынды пеште шикі жұмыртқаны қыздырғанда да орын алуы мүмкін.

Талқылау