Кісі өліміне күдікті павлодарлық 15 жыл бойы аты-жөнін өзгертіп, Ресейде жасырынып келген
Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей ІІМ-нің Алтай өлкесіндегі әріптестерімен бірлесе отырып, адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады. Бұл азамат ауыр қылмыс бойынша күдікті деп танылып, ұзақ уақыт іздеуде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі.
"Жедел уәкілдер 2007 жылдың ақпан айында іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамның Павлодар қаласындағы Исиналиев көшесі бойындағы түнгі клубтардың бірінің жанында ер адамға оқ атқанын анықтады. Шабуылшы қылмысынан кейін облыстан шығып кеткен. Осы уақыт бойы тәртіп сақшылары оны іздеуді тоқтатқан жоқ", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктінің көрші мемлекеттің аумағында болған кезінде өзінің жеке деректерін тегін, атын, әкесінің атын өзгертудің жолын тапқанын да анықтады. Бірақ бұл қулығы да оны жауапкершіліктен құтқара алмады.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Барнаул қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”